2024 жылғы 11 қыркүйекте Академиялық даму жөніндегі проректор Әсел Арын және Менеджмент мектебінің деканы Айман Қазыбаева Haute école de gestion Arc (HES-SO құрамына кіреді) делегациясымен кездесті. Жиынға сонымен қатар UMS тобы, Ғылым бөлімі бас маманы Абылайхан Ақберген, сондай-ақ Менеджмент мектебінің зерттеушісі Ақнұр Жідебекқызы қатысты.
HEG Arc делегациясынан қатысқан өкілдер:
– Lukas Baschung, PhD, доцент, SEIM ғылым жөніндегі деканы, «Business in Eurasia» бағдарламасының жетекшісі;
– Julia Wirth, доцент, ұтқырлық және институционалдық қатынастар жөніндегі деканы;
– Güldem Karamustafa-Köse, PhD, SEIM доцент.
Кездесу университетпен танысу, ынтымақтастық орнату, бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобалар үшін әлеуетті серіктестер іздеу мақсатында өткізілді.
Сондай-ақ AlmaU кампусы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар университетіміздің студияларын, зертханаларын, оқу кабинеттерін аралады.
Кездесу барысында тараптар өздерінің университеттерін таныстырды, сондай-ақ алдағы ынтымақтастыққа деген үміттері мен идеяларымен бөлісті.
HEG Arc өз тарапынан келесі аумақтарға қызығушылық танытты:
- Бакалавриат студенттерімен алмасу (оқыту француз тілінде);
- Магистранттармен алмасу (оқыту ағылшын тілінде);
- Қысқа мерзімді ұтқырлық (жазғы мектептер, тағылымдамалар);
- Ғылыми ынтымақтастықты дамыту;
- Түлектер үшін ұтқырлық (Швейцарияға оқу сапарлары).
Сапар соңында университеттер алдағы ынтымақтастық пен ұзақ мерзімді серіктестікті бейнелейтін естелік сыйлықтармен алмасты.