Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Quality Assurance Office

Сипаттама

Quality Assurance Office білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесіне стратегиялық және әдіснамалық қолдау көрсетеді. Кеңсенің негізгі қызмет бағыттарына академиялық бағдарламаларды бақылау және бағалау механизмдерін әзірлеу мен енгізу, аккредитация үдерістерін сүйемелдеу, сондай-ақ университеттің білім беру ортасын халықаралық стандарттарға сәйкес үнемі жетілдіруге жәрдемдесу жатады.

Құндылықтар мен қағидаттар

AlmaU Quality assurance office ашықтық, жауапкершілік, сенім, тұрақтылық, академиялық адалдық және үнемі жетілдіруге ұмтылу сияқты құндылықтарға негізделген. Біз бүкіл университет қауымдастығын тарту, ішкі және сыртқы бағалау механизмдерін пайдалану, деректерді жүйелі түрде талдау, сапа мәдениетін дамыту, ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкестік, сондай-ақ өзгерістерге бейімделу мен икемділік қағидаттарын ұстанамыз.

Институционалдық зерттеулер

Институционалдық зерттеулер университеттің шешім қабылдау процесі мен стратегиялық дамуына аналитикалық қолдау көрсетеді. Бұл зерттеулер оқу сапасын, студенттер мен қызметкерлердің қанағаттануын, сондай-ақ аккредитация мен рейтингтер үшін қажетті деректерді қамтиды.

Институционалдық зерттеулер:

  • Бірінші курс студенттеріне сауалнама
  • Оқытушыларды студенттердің көзімен бағалау
  • «AlmaU» мекемесі ұсынған қызметтер мен инфрақұрылым сапасына қатысты студенттердің қанағаттанушылығы
  • Түлектерге сауалнама
  • Оқытушылар құрамына сауалнама

Аккредитация және рейтингтер

Аккредитация және рейтингтер бөлімі (QAO) AlmaU-дың ұлттық және халықаралық рейтингтерге қатысуын үйлестіреді, сондай-ақ институционалдық және білім беру бағдарламаларының аккредитациялау үдерістерін сүйемелдейді. Бөлімнің жұмысы білім сапасына сыртқы баға беруге, академиялық беделді арттыруға және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған.

FIBAA Аккредитация және Сертификаттау Комитеті Almaty Management University (AlmaU) университетінің үш білім беру бағдарламасын аккредитациялады: «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі», «Қоғаммен байланыс» және «Құқықтану».

AlmaU IQAA нұсқасы бойынша Қазақстанның жетекші гуманитарлық-экономикалық ЖОО-ларының Ұлттық рейтингінде 1-орын иеленді.

Almaty Management University (AlmaU) Times Higher Education (THE) Impact Rankings 2025 әлемдік рейтингінде 1001–1500 тобына енді.

Almaty Management University магистратура және MBA бағдарламалары Eduniversal Best Masters & MBA Ranking 2024 рейтингіне кірді.

Оқыту сапасын бағалау жөніндегі жұмыс тобы

Оқыту сапасын бағалау жөніндегі жұмыс тобы — бұл оқу мазмұны мен оқыту әдістемесін талдайтын, академиялық стандарттарға сәйкестігін тексеретін және білім беру бағдарламаларын жетілдіруге арналған ұсыныстар әзірлейтін ішкі сараптамалық комиссия.

Академиялық сапа комитет

AlmaU-дың әрбір мектебі мен орталығында білім сапасын қамтамасыз ету саясатын бақылау, үйлестіру және іске асыру үшін құрылған алқалық орган — Академиялық сапа комитеті (АСҚ) жұмыс істейді. Комитеттің құрамына оқытушылар мен білім алушылар кіреді. Комитет академиялық даму жөніндегі проректорға және тиісті мектептің немесе орталықтың деканына есеп береді. Комитеттердің қызметін Quality Assurance Office үйлестіреді және бақылайды. Академиялық сапа комитеттері білім беру сапасын арттыруға бағытталған тұрақты ішкі бақылау мен жетілдіру механизмдерінің маңызды бөлігі болып табылады.

Команда мүшелері

Құдайбергенова Рената Еркінқызы

Директор, Quality assurance office

r.kudaibergenova@almau.edu.kz

Виктория Мормина

Бөлім басшысы, Аккредитация және рейтингтер бөлімі

v.mormina@almau.edu.kz

Еспергенова Ляззат Рыскүлбекқызы

Жетекші менеджер, Quality assurance office

l.espergenova@almau.edu.kz

Ардак Балықбаева

Жетекші менеджер, Quality assurance office

a.balykbayeva@almau.edu.kz

Аида Жараспаева

Менеджер, Аккредитация және рейтингтер бөлімі

a.zharaspayeva@almau.edu.kz

Байланыс ақпараты

Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 227

qao@almau.edu.kz

phone +7 (727) 313 2841 Quality Assurance Office

Дүйсенбі - Жұма, 9:00 - 18:00

Facebook Instagram Telegram YouTube

Егер сізге басқа қандай да бір ақпарат қажет болса, бізбен хабарласыңыз, біз сізге қажетті ақпаратты ұсынамыз.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок