Tolyq Adam институты — AlmaU-дың жаңа буын адами капиталын дамытуға қосқан стратегиялық үлесі
Ақыл, жүрек және қайраттың үйлесімі мынадай қабілеттерге ие тұлғаны қалыптастырады:
- сыни және жүйелі ойлау;
- жауапты әрі этикалық әрекет ету;
- өзгерістерге төзімді болу;
- қоғам дамуына саналы түрде қатысу;
- білімді, құндылықтарды және әрекетті біріктіре білу.
Адам тек білім алып қоймайды — ол трансформациядан өтеді.
LEADER білім беру моделі
Институттың әдіснамалық өзегі — LEADER құзыреттер моделі, ол мамандық пен технологияларға тәуелсіз, әмбебап әрі тұрақты қасиеттерді дамытуға бағытталған:
L – Lifelong Learning (Өмір бойы білім алу) — үздіксіз оқу, зерттеушілік мәдениет, өзін-өзі дамытуға және өмір бойы үйренуге дайындық.
E – Empathy (Эмпатия) — әлеуметтік сезімталдық, азаматтық жауапкершілік және ынтымақтастыққа қабілеттілік.
A – Analytical, Critical & Creative Thinking – Аналитикалық, сыни және креативті ойлау.
D – Discourse (Дискурс) — диалог мәдениеті, дәлелдеу, академиялық коммуникация және өзара құрметке негізделген қарым-қатынас.
E – Ethics (Этика) — этикалық ойлау, экологиялық саналы көзқарас және қоғам мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
R – Resilience (Төзімділік) — тұрақтылық, бейімделгіштік, өзін-өзі тәртіпке келтіру, тұлғалық тұтастық және белгісіздік жағдайында әрекет ете білу.
Tolyq Adam — AlmaU-дың стратегиялық таңдауы
Біз дербес ойлай алатын, жауапкершілікпен әрекет ететін және болашаққа ықпал ете алатын азаматтарды, көшбасшыларды және мәдениет өкілдерін қалыптастыратын білім беру ортасын құрып келеміз.