Бакалавриатқа түсушілерге арналған гранттар конкурсының бірінші кезеңі аяқталды. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және білімдерін көрсетуге деген ұмтылыстары үшін алғысымызды білдіреміз.
Қатысушылардың дербес деректерін қорғау мақсатында бірінші кезеңнің нәтижелері төменде жеке мәліметтерсіз (жасырын форматта) ұсынылған.
Конкурстың екінші кезеңі тестілеу форматында өтеді. Қатысушылар 60 минут ішінде 20 сұрақтан тұратын тест тапсырады. Назар аударыңыздар: тестілеуден өту тек белгіленген уақыт аралығында ғана мүмкін болады. Қайта тапсыру мүмкіндігі қарастырылмаған. Алдыңғы сұрақтарға қайта оралуға болмайды. Тестілеу барысында калькуляторларды, ұялы телефондарды, өзге де электрондық құрылғыларды және кез келген қосымша материалдарды пайдалануға тыйым салынады.
Екінші кезең үшін алдын ала белгіленген өту балы қарастырылмаған. Тестілеу нәтижесі бойынша ең көп дұрыс жауап жинаған 15 қатысушы конкурстың қорытынды кезеңі – сұхбаттасуға шақырылады.
‼️МАҢЫЗДЫ: Жеке кабинетке қолжетімділік тек екінші кезеңге өткен қатысушылар үшін ғана белсенді болады.
🕚Екінші кезеңнің өткізілу уақыты:
2026 жылғы 2 шілде, сағат 11:00–12:00.
Тіркемеде конкурс өткізу туралы Ереже және 1-қосымша қоса берілген. Аталған құжаттарда конкурсқа қатысу шарттары, өткізу тәртібі, сондай-ақ білім гранттары мен оқу жеңілдіктерін беру қағидалары қамтылған. Толық ақпарат алу үшін барлық қатысушылардан құжаттармен мұқият танысуды сұраймыз.
Положение о программе корпоративной финансовой поддержки АО СК Freedom Finance Insurance
Олимпиада нәтижелеріне қатысты барлық сұрақтар бойынша d.khazin@almau.edu.kz электрондық поштасына хабарласа аласыздар.