Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Оқуға түсу шарттары

Қабылдау комиссиясы

Бакалавриат бағдарламаларына құжаттарды қабылдау оқуға түсу қағидаларына сәйкес конкурстық негізде талапкерлердің өтініші негізінде жүзеге асырылады:

Құжаттарды тапсыру мерзімі – 18 маусым-25 тамыз

Оқуға түсу шарттары:

Оқуға түсу үшін сіздің 60 балдан жоғары жинауыңыз керек

Ерекшелік:

Құқықтану – 75 балл

Іскерлік басқару – 80 балл

Ақылы бөлімге өту балы – 60 балл және әр пән бойынша ең аз 5 балл (математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығынан басқа – 3 балл)

       Шекті балл жинамаған талапкерлер үшін емтиханға тіркелу сілтемесі:

https://almau4u.kz/admission

 

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:
  1. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме)
  2. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат/диплом қосымшасымен);
  3. 6 фото (3х4 өлшемі);
  4. 075-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорография суреті бар);
  5. Денсаулық паспорты (немесе 063 нысанды егу картасы);
  6. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты – ҰБТ;
  7. Тіркеу туралы куәлік (ұлдар үшін);
  8. 18 жасқа толмаған бала үшін ата-анасының біреуінің білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа қол қойған кезінде баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  9. ЭЦҚ.

Сондай-ақ құжаттарды тапсыру процесін жылдамдату үшін жоғарыда аталған барлық құжаттарды сканерлеу керек.

Медиа және Кино мектебінің шығармашылық емтиханының шарттары:

Шығармашылық емтихандарды тапсыруға өтініштер қабылдау

Өтініш беру кезеңі:

2024 жылғы 20 маусымнан 7 шілдеге дейін — грантқа түсушілер үшін

2024 жылғы 7 тамызға дейін — ақылы бөлімге түсушілер үшін

Шығармашылық емтихандарды өткізу күндері (бір легін таңдау):

Бірінші легі: 2024 жылдың 8-12 шілдесі

Екінші легі: 2024 жылдың 8-14 тамызы

Грантқа түсушілер үшін ерекше жағдайлар:

Емтихандар 2024 жылдың 8-12 шілдесінде бірінші легінде тапсырылуы керек.

Емтихан тапсыру талаптары: әр мамандыққа 2 шығармашылық емтихан кіреді;

Шетел азаматтары үшін оқуға түсу шарттары:

Жазғы қабылдау комиссиясы кезеңінде (20 маусым-25 тамыз)

  1. ZOOM, MS Team платформасы арқылы қабылдау комиссиясының менеджерімен және оқуға түсуді жоспарлап отырған Мектеп өкілдерімен онлайн әңгімелесуден өту қажет;
  2. Осыдан кейін сіз қабылдау комиссиясына түпнұсқа құжаттардың толық тізімін тапсыруыңыз керек.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Ректордың атына өтініш (Қабылдау комиссиясында толтырылады);
    2. Нотариалды куәландырылған қазақ (мемлекеттік) және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасы бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
    3.Шетелдік паспорт және оның нотариалды куәландырылған қазақ (мемлекеттік) және/немесе орыс тіліндегі аудармасы бар көшірмесі;
    4. Өлшемі 3 x 4 сантиметр болатын 6 фотокарточка;
    5. 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама (флюорография суреті бар);
    6. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Ескерту:

Шет тілінде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқудың бірінші семестрі ішінде тұлғалар оқуға қабылданғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

Назар аударыңыз!

Сәтті әңгімелесуден кейін сізге ҚР аумағында болу кезеңінің ішінде Тұруға ықтиярхатсыз елден кетуіңіз керек болады және біз сізге ресми шақыру жасағаннан кейін, оны пошта арқылы алған болсаңыз, студент мәртебесінде ҚР аумағына қайта кіресіз.

Шетелдік студенттерге арналған сұхбатқа тіркелу сілтемесі:

https://almau4u.kz/internationalstudents

Ағылшын бөліміне оқуға түсу шарттары:

Ағылшын бөліміне қабылдау үшін өту балы:

IELTS – 5.5

TOEFL ITP – 460

TOEFL IBT – 87

TOEFL – 560

Бұл сертификаттар болмаған жағдайда университетте ішкі тіл емтиханы тапсырылады

Ішкі емтихан өткізілетін күндер: 20 маусым-25 тамыз

Емтихан форматы: оффлайн/онлайн

Колледжді бітіргеннен кейін қабылдау процесі:

Профиль бойынша түсу:

Егер сіз таңдаған мамандық сіз колледжде бітірген мамандықпен ұқсас болса, қабылдау ішкі емтихан (эссе, сұхбат немесе тестілеу) тапсыру арқылы өтеді.

Оқу ұзақтығы – мамандыққа байланысты 2 / 3 жыл.

Ішкі емтихандар 20 маусым мен 25 тамыз аралығында өткізіледі.

Профильді өзгерту:

Егер сіз профильді өзгертуді жоспарласаңыз, қабылдау бес пән бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) өткен мектеп түлектері үшін де өтеді.

Оқу мерзімі – 3 жыл.

Бұл туралы толығырақ ақпаратты  testcenter.kz. сайтынан табуға болады

Құжат тапсыру:

20 маусымнан 25 тамызға дейін офлайн форматта: Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227.

Рәсімдеу кезеңдері: Шарт жасасу; Оқу ақысын төлеу (бірінші транш 25 тамызға дейін); Оқудың басталуы.

 

Қабылдау комиссиясы

 

Магистратураға түсу үшін сізге жазғы кезеңде testcenter.kz сайтында алдын ала тіркеуден өтіп, бірнеше блоктардан тұратын Кешенді тестілеуден (КТ) өту қажет.

Мемлекеттік гранттар тек Ғылыми-педагогикалық бағытқа бөлінеді!

Кешенді тестілеу күндері:

20 маусым – 25 тамыз – жазғы қабылдау комиссиясының жұмысы

10 маусым – 15 шілде – testcenter.kz сайтына тіркелу

20 шілде 15 тамыз – КТ тапсыру (офлайн)

КТ-ға тіркелу – testcenter.kz

ҒПМ үшін КТ қабылдау емтихандары:

Ғылыми-педагогикалық магистратура (ҒПМ) үшін

Тапсыру керек:

  1. Шет тілі бойынша тест мыналарды қамтиды: 1.Тыңдау; 2.Лексика-грамматика; 3.Оқу.
  2. Оқуға дайындықты анықтауға арналған тест: 1.Сыни тұрғыдан ойлау; 2. Аналитикалық ойлау.
  3. Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: 2 бейіндік пән.

Тест тапсырмаларының саны – 130
Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағат 55 минут)

Өту балы – 150-ден 75 балл

Мемлекеттік гранттар тек Ғылыми-педагогикалық бағытқа бөлінеді!

Максималды балл 

150 –  оқуға дайындықты анықтауға арналған тест пен бейінді пәндер бойынша минимум 7 балл;

25 – ағылшын тілі;

75 – минимум.

БМ үшін КТ қабылдау емтихандары:

Бейіндік Магистратура (БМ)

Бейіндік бағыт үшін оқу мерзімі 1 жыл

КТ мыналардан тұрады:

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: 2 бейіндік пән.

Тест тапсырмаларының саны – 80
Тестілеу уақыты – 160 мин (2 сағат 40 мин)

Өту балы – 70-тен 50 балл

Магистратурадағы білім беру бағдарламаларының тізбесі:

1.Менеджмент

2.Маркетинг

3.Қаржы

4.Құқықтану

5.Жобаларды басқару

6.Инновациялық кәсіпкерлік

7.Креативтік индустриядағы басқау

8.Қаржы және бизнес аналитика

Назар аударыңыз!           

Оқу форматы – аралас (офлайн/онлайн). Офлайн оқудың 1, 8 және 15 аптасында өтеді.

Егер сізде бірінші жоғары білім басқа болса, сіздің оқу кезінде бірқатар кіріс пререквизиттерін (3 пән) тапсыруыңыз қажет.

2023 жылға арналған магистратура грантына минималды балл:

Менеджмент білім беру бағдарламасы үшін 96 балл 
Маркетинг білім беру бағдарламасы үшін 75 балл
Логистика білім беру бағдарламасы үшін 75 балл
Қаржы білім беру бағдарламасы үшін 90 балл
Құқықтану білім беру бағдарламасы үшін 101 балл

Құжаттар тізімі:
  1. Жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
  2. Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін)
  3. Өлшемі 3×4 сантиметр болатын 6 фотосурет;
  4. 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама + флюорография суреті;
  5. Жеке куәліктің көшірмесі;
  6. КТ сертификаты;
  7. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
  8. Білім беру грантын беру туралы куәлік (бар болса);
  9. Шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (бар болса)

 Ағылшын тілі: IELTS, кемінде 6.0; TOEFL IBT, кемінде 60; TOEFL PBT, кемінде 498;
− Неміс тілі: DSH, C1; TestDaF-Prufung, C1;
− Француз тілі: TFI, оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес; DELF, B2 деңгейі; DALF, C1 деңгейі; TCF, кемінде 50 балл.

Қабылдау комиссиясы

 

 

 

Кім үшін?
  1. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлер
  2. Педагогикалық бейіндегі ББ меңгерген бейіндік оқыту магистрлер
Оқуға түсу кезеңдері:
  1. ҰТО сайтында түсу емтиханына тіркелу және ЖОО-ға құжаттарды тапсыру
  2. Түсу емтихандарын тапсыру
  3. Оқуға қабылдау
Қажетті құжаттар тізімі:

1.Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі
2.Білім туралы құжаттар
3. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат:
Ағылшын тілі: IELTS (Academic) – кемінде 5,5; TOEFL IBT – кемінде 46; TOEFL PBT – кемінде 453
Неміс тілі: DSH – B2, TestDaF – Prufung B2
Француз тілі: TFI – оқу және тыңдау бойынша B2-ден төмен емес, DELF/DALF B2, TCF – 50 баллдан кем емес
4. 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама
5. Фото 3*4
6. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ
7. Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, баспа-таңбалар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе)
8. ҚАЗТЕСТ ресми сертификаты

Түсу емтиханының кезеңдері:
  • Оқуға дайындықты анықтауға арналған тест
  • Бейін бойынша емтихан сұрақтары
  • Онлайн әңгімелесу
  • ЭССЕ

 

Қабылдау комиссиясы

 

Мемлекеттік грантқа түсу процесі мынадай түрде болады:

  1. ҰБТ-ға дайындық, байқау тестілеуді тапсыру (қаңтар – сәуір)
  2. Грантқа тіркелу және ҰБТ тапсыру (мамыр – маусым) –13-20 шілде аралығында университеттің қабылдау комиссиясы / egov.kz арқылы грантқа өтінім беру – Мемлекеттік гранттар ұтысының нәтижелерін алу (тамыз)

Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу кезінде мынадай параметрлер ескеріледі:

  1. Грант үшін ҰБТ балы
  2. Аттестаттың орташа балы
  3. Халықаралық / республикалық пәндік олимпиадаларға қатысқаны үшін жүлделі орындардың / наградалардың болуы
  4. Әлеуметтік категорияның болуы

 

Бакалавриат
Магистратура
Докторантура
Мемлекеттік гранттар
Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок