Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Оқуға түсу шарттары

Қабылдау комиссиясы

Бакалавриат бағдарламаларына құжаттарды қабылдау оқуға түсу қағидаларына сәйкес конкурстық негізде талапкерлердің өтініші негізінде жүзеге асырылады:

Құжаттарды тапсыру мерзімі – 18 маусым-25 тамыз

Оқуға түсу шарттары:

Оқуға түсу үшін сіздің 50 балдан жоғары жинауыңыз керек

Ерекшелік:

Құқықтану – 75 балл

Іскерлік басқару – 80 балл

Ақылы бөлімге өту балы – 60 балл және әр пән бойынша ең аз 5 балл (математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығынан басқа – 3 балл)

       Шекті балл жинамаған талапкерлер үшін емтиханға тіркелу сілтемесі:

https://almau4u.kz/admission

 

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:
  1. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме)
  2. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат/диплом қосымшасымен);
  3. 6 фото (3х4 өлшемі);
  4. 075-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорография суреті бар);
  5. Денсаулық паспорты (немесе 063 нысанды егу картасы);
  6. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты – ҰБТ;
  7. Тіркеу туралы куәлік (ұлдар үшін);
  8. 18 жасқа толмаған бала үшін ата-анасының біреуінің білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа қол қойған кезінде баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  9. ЭЦҚ.

Сондай-ақ құжаттарды тапсыру процесін жылдамдату үшін жоғарыда аталған барлық құжаттарды сканерлеу керек.

Шығармашылық емтихандар күндері:

Өтініш қабылдау мерзімі:

2025 жылғы 20 маусымнан 10 тамызға дейін – ақылы негізде оқуға түсушілер үшін

2025 жылғы 20 маусымнан 7 шілдеге дейін – мемлекеттік грант талапкерлері үшін

Шығармашылық емтихандардың өткізілу күндері:

Бірінші лек: 2025 жылғы 8 және 10 шілде

Шетел азаматтары үшін оқуға түсу шарттары:

Жазғы қабылдау комиссиясы кезеңінде (20 маусым-25 тамыз)

  1. ZOOM, MS Team платформасы арқылы қабылдау комиссиясының менеджерімен және оқуға түсуді жоспарлап отырған Мектеп өкілдерімен онлайн әңгімелесуден өту қажет;
  2. Осыдан кейін сіз қабылдау комиссиясына түпнұсқа құжаттардың толық тізімін тапсыруыңыз керек.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Ректордың атына өтініш (Қабылдау комиссиясында толтырылады);
    2. Нотариалды куәландырылған қазақ (мемлекеттік) және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасы бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
    3.Шетелдік паспорт және оның нотариалды куәландырылған қазақ (мемлекеттік) және/немесе орыс тіліндегі аудармасы бар көшірмесі;
    4. Өлшемі 3 x 4 сантиметр болатын 6 фотокарточка;
    5. 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама (флюорография суреті бар);
    6. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Ескерту:

Шет тілінде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқудың бірінші семестрі ішінде тұлғалар оқуға қабылданғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

Назар аударыңыз!

Сәтті әңгімелесуден кейін сізге ҚР аумағында болу кезеңінің ішінде Тұруға ықтиярхатсыз елден кетуіңіз керек болады және біз сізге ресми шақыру жасағаннан кейін, оны пошта арқылы алған болсаңыз, студент мәртебесінде ҚР аумағына қайта кіресіз.

Шетелдік студенттерге арналған сұхбатқа тіркелу сілтемесі:

https://almau4u.kz/internationalstudents

Ағылшын бөліміне оқуға түсу шарттары:

Ағылшын бөліміне қабылдау үшін өту балы:

IELTS – 5.5

TOEFL ITP – 460

TOEFL IBT – 87

TOEFL – 560

Бұл сертификаттар болмаған жағдайда университетте ішкі тіл емтиханы тапсырылады

Ішкі емтихан өткізілетін күндер: 20 маусым-25 тамыз

Емтихан форматы: оффлайн/онлайн

Колледжді бітіргеннен кейін қабылдау процесі:

Профиль бойынша түсу:

Егер сіз таңдаған мамандық сіз колледжде бітірген мамандықпен ұқсас болса, қабылдау ішкі емтихан (эссе, сұхбат немесе тестілеу) тапсыру арқылы өтеді.

Оқу ұзақтығы – мамандыққа байланысты 2 / 3 жыл.

Ішкі емтихандар 20 маусым мен 25 тамыз аралығында өткізіледі.

Профильді өзгерту:

Егер сіз профильді өзгертуді жоспарласаңыз, қабылдау бес пән бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) өткен мектеп түлектері үшін де өтеді.

Оқу мерзімі – 3 жыл.

Бұл туралы толығырақ ақпаратты  testcenter.kz. сайтынан табуға болады

Құжат тапсыру:

20 маусымнан 25 тамызға дейін офлайн форматта: Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227.

Рәсімдеу кезеңдері: Шарт жасасу; Оқу ақысын төлеу (бірінші транш 25 тамызға дейін); Оқудың басталуы.

 

Қабылдау комиссиясы

 

Магистратураға түсу үшін сізге жазғы кезеңде testcenter.kz сайтында алдын ала тіркеуден өтіп, бірнеше блоктардан тұратын Кешенді тестілеуден (КТ) өту қажет.

Кешенді тестілеу күндері:

Қатысуға өтініштер қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 1 маусымнан 8 шілдеге дейін

Тіркеу Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жүзеге асырылады: https://testcenter.kz

Тестілеуді өткізу кезеңі: 2026 жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейін

ҒПМ үшін КТ қабылдау емтихандары:

Ғылыми-педагогикалық магистратура (ҒПМ) үшін

Минималды талаптар:

Шет тілі бойынша – 25 балл;

Басқа пәндер және (немесе) шығармашылық емтихандар бойынша – 7 балл.

БМ үшін КТ қабылдау емтихандары:

Бейіндік Магистратура (БМ)

Бейіндік бағыт үшін оқу мерзімі 1 жыл

КТ мыналардан тұрады:

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: 2 бейіндік пән.

Тест тапсырмаларының саны – 80
Тестілеу уақыты – 160 мин (2 сағат 40 мин)

Өту балы – 70-тен 50 балл

Магистратурадағы білім беру бағдарламаларының тізбесі:

Менеджмент (БМ, ҒПМ)

Жобаларды басқару (БМ, ҒПМ)

Urban Planning (БМ)

Қаржы (БМ, ҒПМ)

Маркетинг (БМ, ҒПМ)

Құқықтану (ҒПМ)

Supply Chain Management (ҒПМ)

Назар аударыңыз!

Оқыту форматы — гибридті (онлайн + офлайн). Күндізгі (офлайн) сабақтар оқудың 1-, 8- және 15-апталарында өткізіледі.

 

Егер сіздің алғашқы жоғары біліміңіз басқа салада болса, оқу барысында кіріс пререквизиттерін қосымша меңгеріп, тапсыру қажет болады. Пререквизиттер бойынша оқыту тегін ұсынылады.

 

2025 жылға арналған магистратура грантына минималды балл:

Менеджмент және басқару БМ – 36

Менеджмент және басқару ҒПМ – 104

Қаржы БМ – 30

Қаржы ҒПМ – 108

Маркетинг БМ – 32

Маркетинг ҒПМ – 90

Құқық БМ – 30

Құқық ҒПМ – 108

Supply Chain Management ҒПМ – 96

Құжаттар тізімі:

Жоғары білім туралы диплом (қосымшасымен бірге, түпнұсқа);

Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3х4 фотосуреттер (2 дана);

075-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорография қорытындысымен бірге);

Шет тілінен тест тапсырғаны туралы сертификат (бар болған жағдайда);

КТ тапсырғаны туралы сертификат;

Тіркеу куәлігі / eGov порталынан алынған анықтама (ер азаматтар үшін).

Қабылдау комиссиясы

 

 

 

Кім үшін?
  1. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлер
  2. Педагогикалық бейіндегі ББ меңгерген бейіндік оқыту магистрлер
Оқуға түсу кезеңдері:
  1. ҰТО сайтында түсу емтиханына тіркелу және ЖОО-ға құжаттарды тапсыру
  2. Түсу емтихандарын тапсыру
  3. Оқуға қабылдау
Қажетті құжаттар тізімі:

1.Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі
2.Білім туралы құжаттар
3. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат:
Ағылшын тілі: IELTS (Academic) – кемінде 5,5; TOEFL IBT – кемінде 46; TOEFL PBT – кемінде 453
Неміс тілі: DSH – B2, TestDaF – Prufung B2
Француз тілі: TFI – оқу және тыңдау бойынша B2-ден төмен емес, DELF/DALF B2, TCF – 50 баллдан кем емес
4. 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама
5. Фото 3*4
6. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ
7. Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, баспа-таңбалар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе)
8. ҚАЗТЕСТ ресми сертификаты

Түсу емтиханының кезеңдері:
  • Оқуға дайындықты анықтауға арналған тест
  • Бейін бойынша емтихан сұрақтары
  • Онлайн әңгімелесу
  • ЭССЕ

 

Қабылдау комиссиясы

 

Мемлекеттік грантқа түсу процесі мынадай түрде болады:

  1. ҰБТ-ға дайындық, байқау тестілеуді тапсыру (қаңтар – сәуір)
  2. Грантқа тіркелу және ҰБТ тапсыру (мамыр – маусым) –13-20 шілде аралығында университеттің қабылдау комиссиясы / egov.kz арқылы грантқа өтінім беру – Мемлекеттік гранттар ұтысының нәтижелерін алу (тамыз)

Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу кезінде мынадай параметрлер ескеріледі:

  1. Грант үшін ҰБТ балы
  2. Аттестаттың орташа балы
  3. Халықаралық / республикалық пәндік олимпиадаларға қатысқаны үшін жүлделі орындардың / наградалардың болуы
  4. Әлеуметтік категорияның болуы

 

Төменде сіз мемлекеттік грант және оны өтеу туралы құжаттармен таныса аласыз:

Қазақстан Республикасының заңы «Білім туралы»

Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы

Жас мамандар мен философия докторларының (PhD) жұмысты өтеу міндеті

Бакалавриат
Магистратура
Докторантура
Мемлекеттік гранттар
Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок