Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Новости

 AlmaU-ға Wroclaw Business University of Applied Sciences (WAB, Польша) университетінен қонақтар Erasmus+ бағдарламасы аясында келді
21.10.2024
6-11 қазан аралығында AlmaU Wroclaw Business University of Applied Sciences (WAB, Польша) университетінен қонақтарды қабылдады. Erasmus+ бағдарламасы аясында университетке ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Марта Дроздовска және халықаралық қатынастар жөніндегі маман Анна Пиларек келді. Марта Дроздовска «Тұрақты көшбасшылық» және «Тұрақтылыққа қатысты әлемдік мега трендтер» тақырыптарына біздің студенттерімізге 8 сағат лекция оқыды. Лекцияға менеджмент, мейрамхана […]
 AlmaU-да University of Minnesota өкілдерінің ақпараттық сессиясы өткізілді
15.10.2024
2024 жылдың 10 қазанында AlmaU АҚШ пен әлемдегі жетекші зерттеу университеттерінің бірі Миннесота университетінен келген қонақтарды қарсы алды. Делегация университетімізбен ынтымақтастық орнату және бакалавриат, магистратура, докторантура студенттері, сондай-ақ AlmaU оқытушылары мен қызметкерлері үшін ақпараттық сессия өткізу мақсатымен келді. Делегация құрамында: – Майкл Родригес, PhD, колледж деканы, білім берудегі көшбасшылық және адам дамуының профессоры – Майкл […]
 «Орталық Азия+» ректорлар клубының мүшелері көшбасшылық және ынтымақтастық мәселелерін талқылады
01.10.2024
2024 жылдың 28 қыркүйегінде Орталық Азиядағы Американдық университетте (АУЦА) «Орталық Азия+» ректорлар клубының төртінші отырысы өтті. Шара АУЦА мен Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) бірлесуімен ұйымдастырылып, Орталық Азияның 21 жоғары оқу орнынын 50-ден астам өкілдерін жинады. Талқылаудың басты тақырыбы — «Жаңа өзгерістер: қазіргі академиялық ортадағы көшбасшылық мәселелері». Отырыстын ашылуында АУЦА президенті Тимоти О’Коннор қатысушыларды жылы қарсы […]
 Баспасөз-хабарламасы
25.09.2024
2024 жылғы 25 қыркүйек, Алматы. Almaty Management University студентіміздің қайғылы қазасы туралы терең күйзеліспен хабарлайды. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайларын құқық қорғау органдары анықтауда. Университет барлық қажетті қолдауды көрсетіп, оқиғаның барлық жағдайларын анықтауға көмектесуде.  Алматы Менеджмент Университетінің басшылығы марқұмның туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Осы қиын сәтте отбасына қажетті қолдау көрсетеді.  БАҚ өкілдерінен марқұмның […]
 NCWU және UIBE университеттерінің өкілдері AlmaU-да қонақта
24.09.2024
2024 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы Менеджмент Университетіне (AlmaU) North China University of Water Resources and Electric Power (NCWU) және University of International Business and Economics (UIBE) өкілдері келді. Делегацияның құрамында Қытай университеттеріне кеңес беру компаниясының бас директоры Чжао Хунбо және UIBE-тің деканы Сун Цзянь болды. NCWU – Чжэнчжоу қаласында орналасқан провинциялық деңгейдегі мемлекеттік жоғарғы оқу […]
 AlmaU оқытушысы «Жас Ғалым» бағдарламасы аясында Вильнюс университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті
18.09.2024
2024 жылдың 26 ​​тамызы мен 8 қыркүйегі аралығында AlmaU Менеджмент мектебінің және Экономика және қаржы мектебінің оқытушысы Бисенгуль Игенбаева Вильнюс университетінің Бизнес мектебінде ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті. Тағылымдама «Жас Ғалым» докторантура бағдарламасы аясында өтті және кәсіпкерлік және инновация бойынша білім беру бағдарламалары саласында тәжірибе алмасуға бағытталған. Тағылымдама барысында Вильнюс университетінің сарапшылары Entrepreneurship and Innovation, Deep […]
 Haute école de gestion Arc өкілдерінің AlmaU-ға сапары
11.09.2024
2024 жылғы 11 қыркүйекте Академиялық даму жөніндегі проректор Әсел Арын және Менеджмент мектебінің деканы Айман Қазыбаева Haute école de gestion Arc (HES-SO құрамына кіреді) делегациясымен кездесті. Жиынға сонымен қатар UMS тобы, Ғылым бөлімі бас маманы Абылайхан Ақберген, сондай-ақ Менеджмент мектебінің зерттеушісі Ақнұр Жідебекқызы қатысты. HEG Arc делегациясынан қатысқан өкілдер: – Lukas Baschung, PhD, доцент, SEIM […]
 Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің аппараты мен Almaty Management University креативті индустриялар мен туризмді дамыту бойынша ынтымақтастық орнату туралы келісімге келді
09.09.2024
2024 жылдың 7 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің аппараты мен Almaty Management University (AlmaU) арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім креативті индустрияларды дамыту, туризмді жандандыру және аймақтың тарихи-мәдени мұрасын сақтау үшін көптеген мүмкіндіктер ашады. Меморандум аясында Солтүстік Қазақстан облысының креативті экономикасын дамыту үшін форсайт-сессиялар, фестивальдер, байқаулар, конференциялар мен көрмелер өткізу жоспарлануда. Айта кеткен […]
 AlmaU және ҚР Тоғызқұмалақ Спорты Федерациясы әріптестік туралы меморандумға қол қойды
06.09.2024
2024 жылдың 6 қыркүйегінде Алматы Менеджмент Университеті мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Спорты Федерациясы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі. Тоғызқұмалақ ойыны қазақ даласында кең таралған. Қазіргі таңда тоғызқұмалаққа қызығушылық танытқандардың басым бөлігі – жастар. «Білімді, ақылды, парасатты жастар – ұлт болашағы. Тоғызқұмалақ ойыны – жас ұрпаққа, […]
 Дат жазушысы Леонора Ван Деурс AlmaU университетіне «Ботай –көлеңке іздері» романын таныстыруға келді
04.09.2024
2024 жылғы 4 қыркүйекте Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) студенттері, оқытушылары және шақырылған қонақтары дат жазушысы Леонора Ван Деурспен кездесіп, оның «Ботай –көлеңке іздері» атты көркем романын жарық көргеніне куә болды. Жазушының Қазақстанға сапары қазақстандық зерттеуші Нұрбол Баймұхановтың жеке шақыруымен және Дания Мәдениет министрлігі қорының грантының арқасында жүзеге асты. Сапарды сондай-ақ AlmaU университеті мен «Қайсар» Қоғамдық […]
 «AlmaU Paidaly Podcast» – қа қош келдіңіздер!
20.08.2024
Дана халқымыз ұдайы «Талпынған жетер мұратқа» деп талапты ұрпағын жігерлендіріп отырған. Бізде осы даналықты тірек етіп, «AlmaU Paidaly Podcast»-тың алғашқы шығарылымына қош келдіңіздер дейміз. Біздің қонақтарымыз — бұл тек табысты кәсіпкерлер ғана емес, аймақтық бизнестің нағыз қаһармандары. Олар өз қалаларының экономикасын дамытып, халықты жұмыспен қамтып, жаңа буын кәсіпкерлерді шабыттандырады. Бірінші шығарылымда: Аймақтық бизнес-ландшафтты өзгертіп жатқан […]
 Тамара Дүйсенова мен Саясат Нұрбек AlmaU-да қонақта
08.08.2024
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жоғары оқу орындарына барды. Алматы Менеджмент Университетінде қабылдау комиссиясының алдына мектеп түлектері мен ата-аналар жиналған. Басқарудың қыр-сырын меңгеруді көздегендер грантқа қол жеткізу үшін құжаттарын ала келген. Оқу орнымен таныспаққа келген Тамара Дүйсенова олармен тілдесіп, тілектестігін білдірді.   Ал мұнда келуге мүмкіндігі жоқтарға виртуалды қабылдау комиссиясы […]
 Түркия Республикасының білім атташесінің AlmaU-ға келуі
07.08.2024
2024 жылдың 06 тамызында AlmaU ректоры Гүльнар Куренкеева, Жаһандық әріптестік жөніндегі проректор Шолпан Тазабек, сондай-ақ School of Transformative Humanities деканы Нұркен Әубәкір Түркия Республикасының Бас консулдығының білім беру атташесі Айхан Коркмаз мырзамен және консулдық қызметкері Райхан Исамен кездесті. Кездесу AlmaU-да түрік тілі курсының ашылуы және түрік тілі пәнінің мұғалімі Др. Явуз Жемалеттинді университетке қабылдау аясында […]
 Профессор Алтын Арингазина 12-ші IUHPE Еуропалық конференциясына қатысты
22.07.2024
AlmaU -дың Шарманов атындағы Медицина ғылымдары мектебінің профессоры, ДДҰ кеңесшісі Алтын Арингазина 2024 жылдың 17-18 маусымында Польшаның Лодзь қаласында өткен денсаулықты нығайту жөніндегі 12-ші IUHPE Еуропалық конференциясына ғылыми комитет мүшесі және сессия модераторы ретінде қатысты. Арингазина «Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты» сессиясының модераторы болды. Конференцияға әлемнің 40 елінен көптеген әріптес қатысты. Тәжірибе алмасуға, байланыс орнатуға және […]
 AlmaU-дың 7 оқытушысы «500 ғалым» бағдарламасының стипендианты атанды
16.07.2024
2023 жылдың 20 желтоқсанында 2023 жылдың қазан айында кандидатурасын ұсынған стипендиаттардың тізімі жарияланды. 2024-2025 жылдары 6 оқытушы Урбана – Шампейндегі Иллинойс университетіне (АҚШ), Белфастның Queen’s University университетіне (Ұлыбритания) және Мармара университетіне (Түркия) тағылымдамадан өтпек. 1/ Алия Шакбутова, Assistant professor, School of Economics and Finance – Урбана-Шампейндегі Иллинойс университеті, АҚШ 2/ Динара Абишева, Professor of practice, […]
 AlmaU және Kyungdong University (KDU) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
15.07.2024
2024 жылдың 9 шілдесінде Kyungdong University (KDU) өкілдері Қазақстанға келіп, AlmaU-мен ынтымақтастық аясында бірнеше кездесу өткізді. Сол күні AlmaU президенті Кожахметов Асылбек Базарбаевич пен Kyungdong University (KDU) президенті Prof. Dr. Lee John Kyu серіктестік туралы келісім қой қойды. Аталған келісім академиялық ынтымақтастық саласындағы қарым-қытынасқа бағытталған, оның ішінде: Студенттердің ғаламдық ұтқырлығы; Студенттермен алмасу бағдарламалары; Мұғалімдер мен […]
 Босаған бос мемлекеттік білім беру гранттары
12.07.2024
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР! «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ 2023–2024  оқу жылының көктемгі және жазғы семестрінің қорытындысы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос мемлекеттік білім беру гранттарын беруге конкурс өткізу туралы хабарлайды. Конкурс «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын […]
 AlmaU білім культі жайлы кітап жазды
05.07.2024
29 маусымда Меломанда Алматы Менеджмент Университетінің жаңа мотивациялық кітабының тұсаукесері өтті. Кітап «Секреты успеха Jūrttyñ balasy» деп аталады. Жазира Байдалы, жоба жетекшісі: «Қазір бизнес пен сәтті табыс туралы мотивациялық кітап көп. Алайда білім алудың маңыздылығын насихаттаушылар шамалы. Біздің кітапта, ондағы әрбір оқиғада білімнің маңыздылығы жайлы жазылған. Білім культі –  жеке адамның өміріне де, жалпы қоғамға […]
 «Білім және қоғамдық ғылымдар» бөлімшесінің жас ғалымдар жұмыс тобының кезекті отырысы өтті
27.06.2024
2024 жылдың 14 маусымында NARXOZ университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының «Білім және қоғамдық ғылымдар» бөлімшесінің жас ғалымдар жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер: ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың отандық ғылымды қолдауға қатысты міндеттерін жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Ғылымды дамытуға қатысты Ұлттық баяндаманы әзірлеу бойынша жас ғалымдардың ұсыныстары; […]
 AlmaU Times Higher Education impact Ranking 2024 рейтингінде көш бастады
14.06.2024
Times Higher Education Impact Ranking 2024 халықаралық рейтингінің нәтижелері жарияланды. Аталмыш рейтинг 2023 жылдың қорытындысы бойынша 17 тұрақты даму мақсатына сәйкес жоғары оқу орындарының әсерін өлшейді. Жаһандық әсер ету рейтингінің алтыншы басылымы университеттердің адамзаттың өзекті мәселелерін шешуге қалай көмектесетінін көрсетеді: бұл кедейлікті жою, денсаулық пен әл-ауқатты жақсарту, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және климаттық дағдарысқа қарсы […]
 «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша жыл сайынғы Республикалық ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы шықты
13.06.2024
АlmaU «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстардың республикалық конкурсын (ҒЗЖ) өткізуде базалық университет болып табылады. Қазақстанның 6 жоғары оқу орнынан барлығы 10 жұмыс келіп түсті. Студенттердің ғылыми жұмыстарын қарап, Алматы Менеджмент Университетінің (базалық университет) конкурстық комиссиясы марапатқа ұсыну туралы төмендегідей шешім қабылдады:   1 орын: Алматы Менеджмент Университетінің студенті Дуйсенбаева Наргиза Мырзабекқызының «Қазақ тілін […]
 «Журналистика» мамандығы бойынша жыл сайынғы Республикалық ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы шықты
АlmaU «Журналистика» мамандығы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстардың республикалық конкурсын (ҒЗЖ) өткізуде базалық университет болып табылады. Қазақстанның 12 жоғары оқу орнынан барлығы 24 жұмыс келіп түсті. Студенттердің ғылыми жұмыстарын қарап, Алматы Менеджмент Университетінің (базалық университет) конкурстық комиссиясы марапатқа ұсыну туралы төмендегідей шешім қабылдады:   1 орын: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Елубай Гүлдана Ашықбайқызына «Телевидениедегі […]
 AlmaU БСҚБТА аккредитациясын 7 жылға алды
07.06.2024
2024 жылы наурыз айының 26, 27 және 28 күндері AlmaU-ға университетті институционалдық аккредиттеу шеңберінде сыртқы аудит жүргізу үшін БСҚБТА сарапшылары (білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік) келді. БСҚБТА Сараптама комиссиясының құрамына Эстония мен Қазақстаннан 7 ұлттық және халықаралық сарапшылар, сондай-ақ жұмыс берушілер мен студенттердің өкілдері кірді. Сараптама тобын Мырзағалиева Анар Базарқызы – Астана халықаралық университетінің […]
 AlmaU «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша XVI республикалық пәндік олимпиадан 2 орын иеленді
06.05.2024
2024 жылдың 2-3 мамыр күндері Астана каласында «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша XVI республикалық пәндік олимпиада өтті. 2 мамыр күні «Passionar» коворкинг залында олимпиадаға қатысушы командалардың бейресми кездесуі өтті. Кездесуде топ мүшелері бір бірімен танысып, «Quiz» ойынын өткізді. Қатысушылар олимпиаданың салтанатты ашылуына қатысып, кейін Жазба музейінде болды. Олимпиада тест тапсырмаларын орындау мен кейс шешу кезеңдерінен тұрды. […]
 AlmaU тасқын судан зардап шеккендерге 7 білім беру грантын бөледі
09.04.2024
Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақытта 3686 жеке тұрғын үй, 557 аула, 1822 саяжай су астында қалды. Су тасқыны басталғалы бері 86 мыңнан астам адам, оның ішінде 29 мың бала эвакуацияланған. Тасқын судан зардап шеккен халыққа көмек көрсету тәулік бойы жалғасып жатыр. Осындай сын сағатта бірлігімізді бекемдеп, күш біріктіру […]
 Мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алған студенттердің еңбек өтілі
Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған азаматтар бакалавриат, магистратура, резидентура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырысты өтеу мақсатында еңбек етуі қажет. Еңбек ету мерзімі   үш немесе екі жыл не оқу мерзіміне пара-пар келеді. Мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алған студенттердің еңбек […]
 Алғаш рет волонтерлер Аралда 5100 сексеуіл көшетін отырғызды
05.03.2024
Наурыздың 1-3 аралығында Қызылорда облысында «Syr qorǵany – sekseýil» алғашқы эковолонтерлік жоба өтті. Аймақтың экожүйесін қалыпқа келтіру және Арал теңізінің экологиялық апатының зардаптарынан қорғау – аталмыш жобаның көздеген миссиясы. Бұған қол жеткізу үшін Алматы Менеджмент Университеті 80-ге жуық волонтерді жұмылдырды. Олар ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен Арал теңізінің құрғаған […]
 Алматы Менеджмент Университеті қалалық сейсмикалық жаттығуға қатысты
23.02.2024
23 ақпан күні Алматы Менеджмент Университетінің кызметкерлері мен студенттері қалалық сейсмикалық жаттығуға қатысты. Дабыл кезінде барлығы ғимараттың сыртындағы қауіпсіз ашық жерге жиналды. Университет қызметкерлері, студенттері сейсмикалық аймақтағы төтенше жағдайлардың алдын алу ережелерімен танысты.  Бұл сейсмикалық жаттығу жер сілкінісі кезінде халықтың іс-қимылын пысықтауға, төтенше жағдай қызметкерлерінің күштері мен құралдарының дайындығын тексеруге бағытталған.  
 «Syr qorǵany – sekseýil» атты алғашқы волонтерлік экожоба
14.02.2024
AlmaU сізді Арал теңізінің түбіне сексеуілдің 10 000 көшетін отырғызуды мақсат тұтқан алғашқы ерікті экожобаға қатысуға шақырады. 🗓️ 1-3 наурыз 2024 ж. 🗺️ Қызылорда облысы, Қазалы қаласы ❗Миссиясы: аймақтың экожүйесін қалпына келтіру және экологиялық апаттан қорғау Сексеуіл отырғызу Арал теңізінің түбіндегі тұз бен құмды ұстап тұруға көмектеседі; оның әлемге таралуын алдын алады; қоршаған орта мен […]
 Гүлшара Әбдіқалықова AlmaU-ға қонаққа келді
26.01.2024
2024 жылдың 26 қаңтарында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Гүлшара Әбдіқалықова Алматы Менеджмент Университетініне іскерлік сапармен келді. Қонағымыз алдымен кампусты аралап шықты. Оқу орны ректоры Гүлнар Тұрдалықызы жөндеу жұмыстарынан кейінгі асхананы, кітапхананы көрсетті. «Студенттеріміздің қай жерде тамақ жейтіні, қай жерде кітап оқитыны бізге ерекше маңызды. Осы екі дүние эстетикалық тәрбие береді» деп атап өтті […]
 Босаған мемлекеттік білім гранттарын беруге конкурс жарияланды
16.01.2024
ХАБАРЛАМА Ақылы білім алатын білім алушылардың арасында төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша босаған мемлекеттік білім гранттарын беруге конкурс жариялау туралы   №  БББ тобының атауы Оқуға түскен жыл Курс   Орын саны Бакалавриат 1 В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі 2019 4 1 2 В095 Көлік қызметтері 2020 4 2 3 В093 Мейрамхана ісі […]
 Білікті футбол менеджері болуды үйрететін үздік бағдарлама
28.12.2023
2023 жылдың жазында AlmaU және ҚФФ бірлесіп дайындаған «Футбол менеджменті» іске қосылды. Қазірдің өзінде 100-ге жуық қатысушы білікті футбол менеджері болу  мақсатында білім алып үлгерді. Енді елде баламасы жоқ білім беру жобасы EA Group-тан қолдау тауып үшінші лекке қатысушыларды қабылдай бастады. Футбол менеджері деген кім? Футбол менеджменті – білім беру бағдарламасы арқылы болашақ жоғары білікті […]
 «Tolyq adam» концепциясы – көшбасшыларды қалыптастыру: инновациялар, трендтер, даму болашағы
26.12.2023
School of Transformative Humanities «TOLYQ ADAM» бағдарламасы аясында, 22 желтоқсан күні, «TOLYQ ADAM» КОНЦЕПЦИЯСЫ – КӨШБАСШЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ИННОВАЦИЯЛАР, ТРЕНДТЕР, ДАМУ БОЛАШАҒЫ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – заманауи шындық жағдайында Қазақстанның білім беру саласында көшбасшы тұлғасын қалыптастырудың инновациялық тәсілдерін, тенденциялары мен даму болашағын талқылау арқылы пәнаралық диалог құру. Дөңгелек үстелде заманауи шындық жағдайында Қазақстанның білім […]
 Логистикалық хаб, маман жетіспеушілігі, цифрландыру
25.12.2023
2023 жылдың 21 желтоқсаны Алматы Менеджмент Университетінде ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровпен кездесу өтті. Кездесуге ЖОО студенттері, индустрия мен бизнес өкілдері қатысты. «Логистикадағы жаңа магистраль: Мемлекет-Бизнес-Университеті» диалог алаңында орта дәліздің дамуы, маман тапшылығы, көлік өндірісі сынды мәселелер талқыланды. «Қазақстанның аумағы өте үлкен. Бізде 100 000 км-ден астам республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолы, 15.000 […]
 «Алаш қайраткерлерінің озық идеялары» ағылшын тіліне аударылмақ
21.12.2023
Алматы Менеджмент Университетінде «Алаш қайраткерлерінің озық идеялары» атты ғылыми жинақтың тұсаукесері өтті. Жинақ университеттің 35 жылдығына орай шығарылып отыр. Еңбек 3 бөлімнен, 22 ғалымның зерттеу жұмысынан тұрады. М.Жүсіпов, Т.Жұртбай, Д.Ысқақұлы, Д.Алкебаева, Ғ.Байтилеуева, О.Жұбай, С.Жүсіп, А.Салқынбай және тағы да басқа авторлардың зерттеуін кездестіруге болады. Жинақтың негізгі мақсаты – Алаш қайраткерлерінің озық идеяларын алыс-жақын шетелдерге де танытып, […]
 Азия ойындарының алтын жүлдегері Самат Мусин салған ізбен алғашқы шаңғы өткелі өтті
19.12.2023
2023 жылғы 17 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобаново ауылында Жоғары көпсалалы «Зейнеп» колледжінде Азия ойындарының алтын жүлдегері Самат Мусин салған ізбен алғашқы шаңғы өткелі өтті. Негізгі идея –  шаңғы спортын жандандыру, спортшыларды қолдау және еліміздегі қысқы туризмді дамыту. Іс-шараға Айыртау ауданының тұрғындары, Имантау, Лобанов және Антонов мектептерінің оқушылары қатысты. Айыртау ауданының әкімі Ерболат […]
 AlmaU-да Tatishev Wing ашылды
2023 жылдың 12 желтоқсанында AlmaU-да жаңа, заманауи жабдықталған Tatishev Wing ашылды. Жоба «Е.Тәтішев атындағы «Ержан» қоғамдық қорынан және Kusto Group негізін қалаушысы, AlmaU-дың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішевтен қолдау тапты. «Бүгін AlmaU университеті 35 жылдығын атап өтіп жатыр. Қамқоршылар кеңесінің төрағасы болу – мен үшін мәртебе. Университетте кәсіби бизнес-тренингтер мен оқытудың басқа да түрлерін өткізу […]
 Босаған мемлекеттік білім гранттарын беруге конкурс жарияланды
ХАБАРЛАМА Ақылы білім алатын білім алушылардың арасында төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша босаған мемлекеттік білім гранттарын беруге конкурс жариялау туралы №  БББ тобының атауы Оқуға түскен жыл Курс   Орын саны Бакалавриат 1 В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі 2019 4 1 2 В095 Көлік қызметтері 2020 4 2 3 В093 Мейрамхана ісі және […]
 2023 жылдың 13 желтоқсанында «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» IV Халықаралық конференциясы өтеді
12.12.2023
Алматы Менеджмент университеті ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясымен бірлесе отырып 2023 жылдың 13 желтоқсанында «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» IV Халықаралық конференциясын өткізбек. Қоғамдық сенім тақырыбын, әсіресе, қоғамды шоғырландыруды мақсат тұтқан «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы аясында талқылау өзекті. Қоғамдық диалогтың бірыңғай институционалдық моделін қалыптастыру үшін президент саяси және институционалдық реформаларға, сайлау процесін жаңғыртуға және Ұлттық […]
 17 желтоқсанда Имантаудағы алғашқы шаңғы өткелі өтпек
2023 жылдың 17 желтоқсанында «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжі AlmaU университетімен бірлесе отырып Имантау-Шалқар курорттық аймағында алғашқы мұз өткелін ұйымдастырмақ. Сапардың басты мақсаты – қысқы туризм мен спортты дамыту және жастарды белсенді өмір салтына тарту. Имантаудағы алғашқы шаңғы өткелі – жыл сайын өткізілетін «Ұлы Балқаш шақырады!» мұз өткелінің жалғасы. Алғашқы шаңғы өткелі кезінде түрлі қысқы спорттық […]
 Алмабекова Жанель Серикова докторантураға қабылданды
11.12.2023
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» негізінде қабылданған қабылдау комиссиясының шешімі бойынша Алмабекова Жанель Серікқызы PhD докторанттарына сәтті қабылданды. Оқу 3 жылға созылады. Шешім конкурстық комиссиясының отырысы барысында қабылданды.
 AlmaU-да Хикмат Абдурахмановпен ынтымақтастық перспективалары талқыланды
07.12.2023
2023 жылғы 28 қарашада AlmaU-ға Өзбекстанның Ташкент қаласында орналасқан Team University-дің негізін қалаушы Хикмат Абдурахманов келді. Сол күні университет кампусына кең шолу жасалды, соның ішінде AlmaU жанындағы біліктілікті арттыру орталығы AlmaU Extension-ға ерекше көңіл бөлінді. AlmaU-дың КИМ, ҚТМ, ЭҚМ бөлімшелері, AlmaU Extension, университет ректоры және коммерцияландыру жөніндегі проректор Хикмат Абдурахмановпен кездесіп, өзара ынтымақтастықтың ықтимал форматтарын […]
 Мұсабекова Айшаның докторлық диссертациясын сәтті қорғауы!
01.12.2023
2023 жылдың 14 қарашасында Польшадағы Люблин Политехникалық Университетінде Мусабекова Айша Муратовна «Transit chain management based on the forecasting of the volume of logistics flow» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғағады. Кейін «Автоматика, Электроника, Электротехника және ғарыштық технологиялар» бағытында PhD ғылыми дәрежесі берілді. Ғылыми жетекшілер: dr. hab. Inz. Konrad Gromaszek, dr. inz. Smailova Saule Біздің құттықтауларымызды қабыл алыңыз!
 AlmaU-дағы Store Day: жас кәсіпкерлерді қолдайық!
30.11.2023
2023 жылдың 23 қарашасында AlmaU студенттері өздерінің шығармашылық және бизнес жобаларын Store Day іс-шарасында ұсынды. Жәрмеңкеде кондитердік өнімдер, қолөнер киімдері, тәтті сыйлықтар жиынтықтары, косметика және зергерлік бұйымдар сияқты әртүрлі тауарлар қойылды. Биылғы жылы студенттерден 50-ге жуық өтінім келіп түсті. Ішетрінен критерияларға сай 20 астам үздік бизнес таңдалды. Студенттер табысының 10% қайырымдылыққа бөлінеді, ал қалған бөлігі […]
 AlmaU студенттері 500 000 рубльді қалай ұтып алды?
28.11.2023
2023 жылдың 23-25 қараша аралығында Якутскіде зергерлік коллекциялардың сыртқы нарықтарға шығарудың стратегиясын әзірлеуге арналған «Зергерлік креатон» өтті. AlmaU-дың, Арктика мемлекеттік мәдениет және өнер институтының, Якут технология және дизайн колледжінің, өнеркәсіптік техникумның және креативті индустриялар колледжінің өкілдері бақ сынады. AlmaU атынан маркетинг саласында тәжірибесі бар Кәсіпкерлік және инновация мектебінің үш студенті – Буранбаев Жәңгір, Баязитова Гүлжан […]
 Мейрамхана бизнесін дамыту: сарапшылардың жетістіктерінің тарихы
AlmaU – дың Қонақжайлылық және туризм мектебі мен Qainar Bulaq AlmaU біріге отрырып алтыншы жыл сайынғы мейрамхана бизнесінің әртүрлі аспектілеріне арналған іс-шара ұйымдастырды. Ол 2023 жылдың 27 қарашасында өтті және тәжірибе алмасу және сараптамалық талқылау алаңына айналды. Модератор Тұрсынай Баратова өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісетін сарапшыларды кезегімен шақыра отырып дөңгелек үстелді бастап кетті. Ақбота Нүсіпбаева […]
 Шығармашылық пен патриотизм атмосферасы: AlmaU Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығын атап өтті
AlmaU университетінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған іс-шара өтті. 27 қарашада өткен мәдени-музыкалық кеш студенттердің дарындары мен шақырылған қонақтардың естеліктерін біріктірген мерекеге айналды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі тәуелсіздік және мемлекеттік егемендік туралы заң қабылдады, еліміз бұрынғы КСРО республикаларының ішінен өз тәуелсіздігін жариялаған соңғы ел болды. Салтанатты шараны AlmaU ректоры Күренкеева Г. […]
 Медиа нарық: біз қауіп-қатер мен жандандыруға дайынбыз ба?
27.11.2023
2023 жылдың 24 қарашасында Алматы қаласында БАҚ нарығын дамыту мәселелері бойынша XV жыл сайынғы салалық конференция өтті. Media Құрылтайдың серіктестерінің бірі AlmaU университетінің Медиа және кино мектебі болды. Биылғы конференцияның басты тақырыбы Қазақстанның медиа нарығына төнген қауіп-қатер мен қайта жүктеу болды. Іс-шара аясында индустрияның өзекті мәселелерін қамтитын баяндамалар мен пікірталастар өтті. Ұйымдастырушылар қатысушыларға үш тілде […]
 TikTok AlmaU-мен бірге медиасауаттылыққа арналған науқанды бастайды
23.11.2023
TikTok  пен AlmaU: медиасауаттылық науқаны TikTok платформасы AlmaU Медиа және кино мектебінің сарапшыларымен бірлесе отырып, «Қауіпсіздік академиясы» білім беру бастамасы аясында #Лүпілдетбірақтексер науқанын бастайды. Жаңа жобаның міндеті — платформа пайдаланушыларына медиасауаттылық негіздері туралы айту: ғаламтордағы ақпаратты неге сыни тұрғыдан бағалау керек, дереккөздердің сенімділігін қалай тексеру керек, неге күмәнді контентті таратудың қажеті жоқ және қалайша алалаушылықтың […]
 AlmaU-ға 35 жыл: AlmaU жайлы қызық 35 факт
22.11.2023
AlmaU –1988 жылы құрылған оқу орны. 2023 жылдың желтоқсанында 35 жылдығын тойлайды. Университет қалыптасудың үш кезеңін бастан өткерген. О баста Алматы менеджмент мектебі ретінде құрылған. Сосын халықаралық бизнес академиясы болып дамыған. 2015 жылдан бастап AlmaU брендімен танымал. Оқу орны тұрған жерде кезінде теледидар шығаратын зауыт жұмыс істеген. 1997 жылдың 1 қарашасында Омарова Күләш, 1999 жылдың […]
 AlmaU-ды біріктіретін дәстүрлер
Алматы Менеджмент университеті – білім саласында өзіндік қолтаңбасымен, инновацияларымен ойып орын алатын үздік оқу орны. Білім ошағының 35 жылдық қарсаңында бірлікті нығайтып сый-құрметті арттыратын әрі жылдан жылға үзілмей өткізілетін шаралармен таныстырайық. Бұл дәстүрлер AlmaU-дың өн табиғатынан сыр шертіп үнемі үздік болуға үндейді. Сәтті сәрсенбі Әр сәрсенбі университет ұжымы мен студенттер қауымы ұлттық нақышта киінеді. Шолпы-білезік […]
 «Зорлық-зомбылықсыз өмір» атты психологиялық лекция
2023 жылдың 21 қарашасында РДиГБ студенттері үшін «Зорлық-зомбылықсыз өмір» атты психологиялық лекциясы өтті. Лекцияны №150 «балалар мен жастарға арналған сенім телефоны» қызметінің өкілі Жанғожина А. және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының психолог-кеңесшісі Изтилеуова М. жүргізді. Семинар зорлық-зомбылық көрген жәбірленушіге уақытылы көмек көрсету және агрессорды анықтаудың маңыздылығы жайлы тақырыптарды қамтыды. AlmaU психологы Берікбаланова Л. өзінің […]
 «Arba Wine» жүзімдігіне саяхат
21.11.2023
2023 жылдың 17 қарашасында Қонақжайлылық және туризм мектебінің 4 курс студенттері Каракемер ауылына жүзім плантациясына барып келді. Турды Arba Wine -мен қосылып аға оқытушы Масалитин В. ұйымдастырды. Тур барысында студенттер көркем жүзімдіктерге барып, жүзім жинау, оны ашыту, шарап жасау процесің көрді. Сонымен қатар, студенттер Қазақстандағы шарап жасау нарығындағы жағдаймен танысты. Бұл оларға аймақтағы саланың сын-қатерлері […]
 Халықаралық семинар: Қазіргі Қазақстандағы Практикалық психология
2023 жылдың 10 қарашасында AlmaU-дың 35 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Қазақстандағы психологияның қазіргі заманғы аспектілеріне арналған семинар-тренинг өткізілді. Ғылыми – педагогикалық конференциянын аясында когнитивті мінез-құлық терапиясының, гештальт терапиясының, психоанализдің, транзакциялық талдаудың және интегративті тәсілдің ерекшеліктері жайлы сұрақтар қамтылды. Спикерлер Қазақстанның психологиясының дамуына үлес қосқан ғалымдар мен практиктер болды. Семинраға қызығушылық танытқандар Қазақстаннын әр түрлі аймақтарынан […]
 AlmaU-да «Ғылым апталығы» өтуде
14.11.2023
Ұлттық валютанын 30 жылдығын атап өту аясында AlmaU-да «Ғылым апталығы» өткізілуде. 2023 жылдың 13 қарашасында Экономика және қаржы мектебінің ұйымдастыруымен «Есеп және аудит», «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Болашақтың қаржы маманы» атты мастер-классы өткізілді. Спикерлер ретінде АССА өкілі Шкубарова А. және  АССА мүшесі Раматов Б. шақырылды. Олар студенттерге АССА-дың кәсіби халықаралық біліктілігі, талаптары, аралық диплом […]
 «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2023» атағын беруге арналған конкурстың ЖОО ішіндегі кезеңінің нәтижелері
Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2023» атағын беру конкурсының 1-ші кезеңінің жеңімпаздары: Абешев Куаныш Шурабатырович- Professor; Сауранбай Сандуғаш Бабағалиқызы- Associate Professor; Масакова Салтанат Сейлхановна- Assistant Professor; Королева Наталья Владимировна- аға оқытушы. Жеңімпаздардың конкурстық материалдары «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2023» атағын беру конкурсының 2-ші республикалық кезеңіне қатысу үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне […]
 Ahmad Tea: Rich Tea түйіршікті шайына алғашқы көз қарас
13.11.2023
Қонақжайлылық және туризм мектебінің «Weddings, Festivals and Exhibitions» пәнінің аясында Виджита Б. Хеттиараччидің «Ahmad Tea Kazakstan» атты дәрісі өтті. Студенттер компанияның инновациялық өнімі Rich Tea түйіршікті шайының бірінші болып дәмін татты. Ahmad Tea Emirates зауытының аға шай менеджері Виджета Б Хеттиараччи шай индустриясындағы 26 жылдық тәжірибесінмен бөлісті. Оның міндеті – шай сапасын бағалау және анықтау. […]
 Рестораунд: тамақтану нарығындағы сын-қатерлер мен мүмкіндіктер
2023 жылдың 27 қарашасында AlmaU-да «Рестораунд: тамақтану нарығындағы сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел өтеді. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен тәжірибелі ресторатор-практиктер қатысады. Дөңгелек үстел қатысушылары мейрамхана бизнесінің қыр-сырымен танысуға, кәсіпкерлердің алдында тұрған қиындықтарды анықтауға және осы саладағы дамуды талқылауға мүмкіндік алады. Аталмыш іс-шара – мейрамхана индустриясының болашақ көшбасшыларын дайындаудағы маңызды қадам. Ұйымдастырушылар: Қонақжайлылық және туризм мектебі
 StartUp Night – қа тіркелу басталды
StartUp Night – жыл сайын өткізілетін байқау. Онда студенттер тәлімгерлерімен бірге жоба әзірлейді. StartUp Night-та сізді не күтіп тұр? Сіз командаңызбен бірге 12 сағат бойы жоба дайындайсыз. Уақыт өткен соң әр команда өз жобаларын қазылар алқасына ұсынады. Табысты кәсіпкермен таңғы ас немесе ірі компанияда тағылымдамадан өту – байқау жеңімпазына берілетің басты сый. Іс-шараға қатысу үшін: […]
 «Disco 80’s кеші: Жарқын сәттер мен қайталанбас атмосфера»
2023 жылы 8 қарашада AlmaU профессорлық-оқытушылар құрамы «ППС-Party» іс-шарасы үшін университеттің Атриум-холлында жиналды. Зал тек профессорлық-оқытушылар құрамымен ғана емес, көңілді музыкамен, түрлі дайындалған қойылымдармен және дәмді тағамдармен толды. Кештің ашылуында AlmaU ректоры Гүлнар Тұрдалиқызы өзінің оқытушы болу тәжірибесімен бөлісіп, әріптестеріне өмірдің барлық салаларында табыс тіледі. Іс-шараның бірінші бөлімі шығармашылық тапсырмаларға арналды: туды, ұранды және командалық […]
 AlmaU-ға Arizona State University және Arizona National Guard өкілдері келді
31.08.2021
2021 жылғы 27 тамызда Аризона штатының мемлекеттік университеті мен Калифорния штатының Аризона ұлттық гвардиясы Алматы басқару университетінде құрылды. Arizona State University делегациясының құрамында Brian Gerber, “Төтенше жағдайларды басқару және ұлттық қауіпсіздік” магистратура бағдарламаларының жетекшісі; Cyndi Coon, қауіптерді болжау зертханасы аппаратының директоры; Jeff Guimarin, Пэт Тиллман атындағы ардагерлер орталығының атқарушы директоры; Jacob Lassin, Меликян орталығының ғылыми […]
Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок